Ақмола облысы білім басқармасыныңЦелиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Нұресіл ауылының "Болашақ"бөбекжайы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственного коммунального казенного предприятия "Ясли-сад"Болашақ"село Нуресиль при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-ана бақыты - бала

08.10.2020

Мақсаты: Ата-ананың балабақшамен байланысын нығайта отырып, ата-анадан бала тәрбиесіне қатысты мәселелерден пікірлерін сұрау, еркін әңгімеге тарту.

Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, шығармашылық тапсырма.

Психолог: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар. Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін?

Кәне ойланып көріңіздер. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде әңгіме өрбімек.

Бұл мемлекет қандай болуы керек?

-Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

-Сонымен, бүгін ата-аналар мен балалар бірлескен «Ата-Ана бақыты - бала» атты тренингке қош келдіңіздер.

Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз

Ұлтымыздан «ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қанатты сөз бар.

«Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл,анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, тірегі, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді.

Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ.

«Бала-адамның бауыр еті»-деген нақыл сөз бар.

Сондықтан қай ата-ана болсын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды.

Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күткен.

Сәлемдесу.Барлық қатысушылар дөңгеленіп тұрады.Әрбір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып,бүгінгі көңіл күймен бөліседі.

Мысалы: «Менің атым Бегзан Нұргул. Мен-психологпын. Бүгінгі көңіл күйім тамаша!»

Бақытты отбасы (үйдің суреті беріледі, сыртына сөздер жазу).

Бейнеролик: “Әке мен бала”

Балаңыздың есімі кім?

Қандай мағына береді?

Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?

Қандай тағамды сүйіп жейді?

Балаңызды еркелеткенде қалай атайсыз?

Сүйіп көретін мультфилімі?

Тәрбиешінің толық аты жөні?

Балаңыздың сүйіп ойнайтын ойыншығы?

Қонақкәде (Бақыт туралы өлең)

Бақыт жайлы менің мынау білгенім.

Бақыт деген-бірде шаттық,бірде мұң.

Бақытты сол тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімді-кім?

Қ/сы: Бақыт деген-сенің бала күндерің

Бақытсыз ақ бақытты болып жүргенің

Бақытын да, басқасында білмеуің

Бақытсыз ақ ойнап күлгенің

Бақыт деген әркімдерде бір арман 

Сол арманның шыққан жері құмардан

Ал мен үшін ең бақытты күндерім

Бұл өмірден бақыт іздеп жүргенің.

     Сергіту сәті: Қар  Жорға биі.

«Бақытты отбасы»: Әр топ эмблема жасайды, таныстырып қорғайды.

Мақал-мәтелдерді жалғастыру ойыны

Ананың сүті бал

Баланың сүті  бал

Әке асқар тау

Ана ағын жатқан бұлақ

Бала жағасындағы құрақ т.б.

Жақсы тілек менен көбелекке тілек жазып, гүлге жабыстырады.

Міне біз бүгін сіздермен “Ата-ана бақыты-бала” тақырыбында пікір алмастық, ой бөлістік. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылулықтарыңызды, мейірімдеріңді аямаңыздар. Балалапандарыңыз сіздерді бақытты, қуанышқа бөлей берсін! -дей келе сіздермен қоштаспаймын келесі кездескенше деймін.

 

Просмотров: 260


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст