Ақмола облысы білім басқармасыныңЦелиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Нұресіл ауылының "Болашақ"бөбекжайы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственного коммунального казенного предприятия "Ясли-сад"Болашақ"село Нуресиль при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қағаз бен мата"(тәжірибе)

04.03.2021

Ортаңғы«Гүлдер» тобы .

Тәрбиеші: Ақболатова А.С

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы:Мата мен қағаз (тәжірибе)

Мақсаты:

-Тәрбиелік:ұқыптылыққа тәрбиелеу

-Дамытушылық:балалардың ойлау қабілетін дамыту

-Оқыту:балаларды мата мен қағаздың қасиеттерімен таныстыру.Айырмашылығын білгізу.

Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету:күннің көзі,сандық,матадан және қағаздан жасалған орамалдар(әр бала саны бойынша),киімдер матадан ,қағаздан жасалған,екі поднос

Билингвалдық компонент:қағаз бумага,мата ткань,жылтыр,қатты,шықырлайды,қыртыс танады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі: Хатшы сиқырлы сандық әкеледі.

Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы бізге не әкелді?

Балалар бұл хатты бізге шебер ұста жіберіпті. Сендерге осы тапсырмаларды орындауларыңды сұрайды.

Тәрбиеші: Біз орындаймыз ба?(балалардың жауабы)

«Жылулық»ойынын ойнау.(балалар дөңгеленіп тұрады,әр балаға бір жүректен беру.Ең соңында бір ш сандықшаның үстінде тұрады.Сандықты ашу үшін сиқырлы сөздер айту керек.

Балалар қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер?Балалар сиқырлы сөздер айтады.Сол кезде сандық ашылады.

II. Негізгі бөлім:

Сандықтың ішінде әр балаға арналған түрлі түсті конверттер болады.

Тәрбиеші:Балалар өздеріне қандай түсті көбелек ұнайды соңы аламыз.

Әр бала өз көбелектерін алып орындарына барып отырады.Конвертті ашып одан шаршы пішінде қағаз бен матаны алып шығады.

Балалар қазір біз осы мата мен қағазбен тәжірибе жасаймыз.

1.Бір қолдарына матаны,екінші қолдарына қағазды ұстаңдар.Енді оларды қолымызбен уқалаймыз.(саусақпен).Сосын көзімізді жұмып мата қандай?,қағаз қандай?екенін айтамыз

(мата жұмсақ,жылы,қағаз қатты,салқын)

Тәрбиеші:мата қағазға қарағанда жұмсақ,жылы болады.Ал қағаз қатты,салқын

2.Келесі қолымызға лупаны аламыз мата мен қағазды үлкейтіп қараймыз. (матада жіптер бар,ал қағаз жылтыр)

Тәрбиеші:мата жіптен тоқылады.Ал қағазды ағаш діңдерінен құйып жасайды.

3.Енді балалар аңықтап көрейік мата мен қағаз сөйлей ме екен?

Қолымызға бірінші қағаз орамалды аламыз.Оны умаждаймыз.Не естідіңдер?ол сөйлейді,шықырлайды.Ал енді мата орамалды аламызда оны умаждаймыз.Не естідіңдер? Ештене естіген жоқпыз.

Тәрбиеші:Қағаз сөйлейді,мата сөйлемейді.

 

Қолымызға орамалдарды аламыз.Оларды біз жуамыз.

 

 

Сергіту сәті: Әуенмен билеу

 

4.Балалар қараймыз біздің орамалдарымыз қандай қыртыс болды.Кәне олардың қыртысын жазайық.Бірінші мата орамалдың қыртысын жазамыз.Не болды?(қыртысы жазылды)

Енді қағаз орамалдың қыртысын жазамыз.Жазылды ма?(жоқ)жазылмайды екен.

Тәрбиеші:Матаның қыртысы жазылады,ал қағаздың қыртысы жазылмайды.

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст