Білім беру саласы: «Таным» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: Геометриялық пішіндер. Мақсаты: Үшбұрыш, төртбұрыш, щенбер туралы түсінікті нақтылау; «фигураның бұрышы» түсініктерін нақтылау. 5 көлемінде сандық есептеу, заттарды санауға, санды ретімен және қорытынды санын атауға "Барлығы нешеу?", "Қанша?" деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, тапқырлыққа тәбиелеу. Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: фигураларды көрсету, санау, суретін салу, атау. Сөздік жұмыс: үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш-четырехугольник, көпбұрыш-многоугольник, шаршы-квадрат, дөңгелек-круг. Мотивациялық қозғаушы:. Шаттық щеңбер: Жаңа сабақ.Слайд көру. Балаларға біздің топқа қонақ келгенін хабарлау. Қонақпен таныстыру. Күшіктің балаларға бір өтінішпен келгенін айту. Күшіктің өтініші: «Балалар, күн суық. Менің тұратын үйшігім жоқ. Мен тондым. Сендер көмектесе аласыңдар ма?» Балалар қонақтың келгеніне қызығушылықтарын білдіреді. Қонақпен танысады.Күшіктің өтінішін мұқият тыңдап отырады. Ұйымдастырушылық ізденіс: Сұрақтар қою: • Күшікке көмектесеміз бе? • Біз оған қалай көмектесе аламыз? • Үйшікті қандай бөліктерден жасаймыз? Үйшікті жасау үшін фигуралар керек екенін түсіндіру. -Балалар менімен бірге орманға саяхатқа шыққыларыныз келе ме? Ғажайып орманда ерекше ағаштар өсіп тұр -Олай болса болса бәріміз поездға мінейік. -Балалар біздер қайда келдік? Сиқырлы орманға , осы жерде қандай ағаштар өсіп тұр екен?
осы ағаштардан жемістері алу үшін тапсырмаларды орындау керек 1 – Үшбұрыштың тапсырмасы: Балалар, біздің орманда қандай аңдар бар? Оларды санау. Аю, қасқыр, түлкі, тиін, қоян .Неше аң болды? Санайық 1 2 3 4 5 Барлығы 5 екен. Неше аң болса , сонша үшбұрыш қойындар. Үшбұрыштың тапсырмасын орындағандарына сендерге ол үшбұрыштарын береді. 2 – Төртбұрыштың тапсырмасы: « Орманға ағаш отырғызындар». Үшбұрыштардан шырша жасау. Тапсырманы дұрыс орындағандарына төртбұрыштан беріледі 3 – Дөңгелектің тапсырмасы: «Суретті толықтыру керек». Дөңгелектің тапсырмасын орындап, әр топқа дөңгелек беріледі.Барлық тапсырмаларды орындадыңдар, енді үйшік жасап көрейік. Сұрақтарға жауап беріп отырады. Жануарларды қандай фигурада орналасқандарын айтады.Үшбұрыштың тапсырмасын орындайды. Үй жасауға пішіндерді алдық , енді топқа қайту керек. Үйшік жасаймыз . Сергіту сәті: Ұшқыш болып ұшайық, Тігіншіге ұқсайық, Дөңгелене би билеп, Бишіге ұқсайық. Балалар, білесіндерме күшікке жасаған үйшіктерін өте ұнады сендерге рахмет деп айтады . Сендерге көмектескен үшін сыйлығы бар екен. Бірақ тонып қалғанан кейін үлгермепті толық бітіруге. Суретті толықтыру. Рефлексивті түзетуші: Жарайсындар, балалар! Күшікке үйшіктерін көрсетуді ұсынамын. Жасалған үйшік бойынша сұрақтар қоямын: • Балалар, үйшікті қандай фигуралардан жасадық? • Фигураларды қалай ажыратамыз? Балаларды күшікке көмектескені үшін мадақт
Қойылған сұрақтарға жауап береді. Күшікке көмектескені үшін қуанады!
Күту нәтижесі: Түсінеді: - көпбұрыш, көпбұрыштың түрлері (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш) туралы; Қолданады: -фигураларды атау, топтастыру, фигуралардан үй жасау.