«Бейбіт күн жасасын әлемде…»
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы ең айтулы мерекесі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын – байрақ, намысын - найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, дастархан жасап қарсы алу оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Осы ұлы мерекеге орай «Болашақ» балабақшасының ұжымы ардагерлерді қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Тәрбиеленуші жас ұрпақ санасына бейбітшілік, сүйіспеншілік түсініктерін қалыптастыру. Балаларға адамгершілікке,отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Патриоттық тәрбие беру. Үлкенді сыйлап, қадірлеуге тәрбиелеу. 9 мамыр! Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн... Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні... Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды, әпкелерімізді сарыла күткен сағыныш күні... Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!