Аутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.[1]
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқайқалады.
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.
Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).
Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.
Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.
Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек. Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.